«Адал адам. Отанға деген сүйіспеншілік жауапкершіліктен басталады»
20.10.2026
20 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» идеологиясын іске асыру аясында «Адал адам. Отанға деген сүйіспеншілік жауапкершіліктен басталады» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде қырық жыл ғұмырын мектептегі ұстаздық жұмысқа арнаған, бүгінде еңбек демалысындағы ардагер педагог Тілеубаева Ханифа Қабдырашқызы, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «Молодёжный» шағын ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Бақытжанова Кабира Омарқызы қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар адалдықтың, азаматтық жауапкершіліктің, отансүйгіштіктің және белсенді өмірлік ұстанымның маңызын талқылады. Әрбір адамның қоғамды дамытудағы рөліне, адамгершілік құндылықтарды сақтауға және туған елге деген құрметті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.