Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Венгр романтигі»
22.10.2026
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде белгілі композитор, шебер пианиношы және дирижер Ференц Листтің туғанына 215 жыл толуына арналған «Венгр романтигі» атты безендірілмелі кітап көрмесі ашылды.
Ференц Лист – әлемдік музыкалық мәдениетті жаңашыл идеяларымен, симфониялық поэма жанрымен және орындаушылық шеберліктің ерекше мәнерлілігімен байытқан романтизм дәуірінің жарқын тұлғаларының бірі.
Көрме маэстроның көп қырлы талантын әдебиет пен БАҚ материалдары: өмірбаяндық басылымдар – композитордың өмірі мен шығармашылық жолының негізгі кезеңдері, оның Еуропадағы саяхаттары және көрнекті замандастарымен достығы туралы баяндайтын кітаптар мен естеліктер; ноталық жинақтар – «Венгерские рапсодии», фортепианолық этюдтерді және әйгілі симфониялық шығармаларды қоса алғандағы атақты шығармалардың сирек кездесетін және ноталық басылымдары арқылы ашады.
Көрме музыканттарға, мәдениет тарихын зерттеушілерге, оқушылар мен студенттерге, сондай-ақ классикалық музыканы бағалайтын барша қауымға қызықты болады.
Баршаңызды өнер туралы әдебиеттер бөліміндегі көрмені тамашалауға шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП