«Бабалар салты – ұрпаққа үлгі» ұрпақтар сұхбаты
04.11.2026
Дәстүрлерді сақтау, ұрпақтар сабақтастығы және еңбек адамына деген құрметті қалыптастыру кітапханада өткен кездесудің негізгі тақырыптарына айналды. Кездесуге Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің ветеринария бөлімінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
«Бабалар салты – ұрпаққа үлгі» ұранымен өткен іс-шараның құрметті қонағы Меңдіқара ауданынан келген мал шаруашылығы саласының еңбек ардагері Асанов Төлеген Оразалыұлы болды.
Әңгіме барысында ардагер болашақ ветеринария мамандарымен өзінің еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, мал шаруашылығы саласындағы жетістіктер мен кездескен қиындықтар туралы айтып берді және ата-баба дәстүріне адал болудың маңыздылығын атап өтті. Студенттер қонақтың әңгімесін зор қызығушылықпен тыңдап, мамандықтың қыр-сыры туралы сұрақтар қойды және өмірлік маңызы бар құнды кеңестер алды.
Мұндай кездесулер студенттердің бойында еңбекке деген сүйіспеншілікті, тарихқа деген құрметті қалыптастырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеді!