«Теңге. Тарих беттері»
05.11.2026
Абонементтер бөлімінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай Қазақстанның ұлттық валютасының қалыптасуы мен дамуына арналған «Теңге. Тарих беттері» атты кітап көрмесі ашылды. Теңге еліміздің тәуелсіздігінің маңызды нышандарының біріне айналды.
Көрмеде ақшаның тарихы, ұлттық валютаның жасалуы, сондай-ақ алғашқы банкноттар мен монеталар туралы баяндайтын кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған жарияланымдар ұсынылған: олардың ішінде Коваль А. «Путь тенге: валюта – неотъемлемый атрибут любого независимого государства» басылымдары бар. Сондай-ақ көрме ежелгі дәуірден бергі Қазақстандағы ақша қатынастарының даму тарихын ашады, көрмеге Мун Н. «Тенге – символ независимости» және Барманкулов М. «Тюркская вселенная» еңбектері қойылған.
Көрме оқырмандарды теңгенің тарихымен, ұлттық валюта туралы қызықты фактілермен және оның Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуы үшін маңызымен таныстырады.
Барлығыңызды 5–27 қараша аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.