Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тіл – тәуелсіздік тұғыры»
13.11.2026
13 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері № 31 жалпы білім беретін мектепте «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Іс-шара «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумы аясында өтті.
Көрмеде қазақ тілінің тарихы, қалыптасуы мен дамуына арналған сирек және құнды басылымдар ұсынылды. Келушілердің назарын қазақтың ұлы ағартушысы және қазақтың жазуына реформа енгізген ғалым Ахмет Байтұрсынұлының іргелі еңбектері, оның ішінде әйгілі «Тіл тағылымы» және «Әліп-би» кітаптары аударды.
Сондай-ақ шолу жасаушылар көрмедегі Әбдіжәлел Бәкірдің «Тіл ғұмыры» кітабына тоқталып өтті. Бұл жинаққа бір кездері Үкіметке ұсынылған «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасына арналған құжаттар мен мақалалар енген.
Кітапханашылар форумның қонақтары мен оқушыларға отандық ғалымдардың тіл білімін дамытуға қосқан үлесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік тілдің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты символы ретіндегі рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП