Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сайтында философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Хасенұлы Жақыптың «Тарих. Тұлға. Руханият» атты электрондық кітабы орналастырылды.
Кітапта ұлттық сана-сезім мен руханият, ұлтаралық қарым-қатынас, ономастика және патриотизм мәселелері қамтылған. Кітап зерттеушілерге, өлкетанушыларға, сондай-ақ өңір тарихына қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымға арналған.
Баршаңызды кітапхана сайтына кіріп, электрондық басылыммен танысуға шақырамыз.
https://kstounb.kz/kz/ebiblioteka