Әмбебап оқу залы көрнекті ойшыл, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ақжан әл-Машанидің туғанына 120 жыл толуына орайластырылған «Ақжан әл-Машани: дана ғалым, ұлы тұлға» атты әдебиеттің ұсынымдық тізімін ұсынады.
Көрсеткішке қазақстандық геомеханиканың негізін қалаған ғалымның іргелі ғылыми еңбектері, әл-Фараби мұрасын әлемге танытқан тарихи-философиялық және шығыстанушылық зерттеулері, сондай-ақ оның өмірі мен сан қырлы қызметі туралы мақалалар мен жарияланымдар енгізілген.
Басылым оқытушыларға, студенттерге, зерттеушілерге, сондай-ақ геология, тау-кен ісі және гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандарға арналған.
https://kstounb.kz/kz/pub/bib_iz