Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мәңгілік өнер»
26.11.2026
26 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Білім орталығында жыл сайынғы «Мәңгілік өнер. Искусство на все времена» облыстық әдеби байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл байқауға 31 автор қазақ және орыс тілдерінде жазылған өз шығармаларын ұсынды.
Қазылар алқасының мүшелері ұсынылған шығармалардың жоғары деңгейін атап өтіп, байқауға қатысушыларға пайдалы ұсыныстар мен кеңестер берді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, үздік шығармалардың авторлары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ тіліндегі байқаудың қорытындысы:
• Гран-при: Сапар Мәдина Нағашыбайқызы
• 1-орын: Зайт Ерсұлтан Худайбергенұлы
• 2-орын: Берекетова Асылзада Женісбекқызы
• 3-орын: Әлімжанова Аягөз Асылбекқызы

Орыс тіліндегі байқаудың қорытындысы:
• Гран-при: Гильманшина Гелуза Галимовна
• 1-орын: Дубиковская Олеся Алексеевна
• 2-орын: Немцева Надежда Ивановна
• 3-орын: Мун Инна Григорьевна

Лауреаттар ұйымдастырушылар мен қазылар алқасына көрсетілген қолдау мен жылы қабылдау үшін алғыстарын білдірді. Шақырылған музыканттардың өнер көрсетуі және поэтикалық оқулар кештің көркін келтіре түсті.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға шығармашылық шабыт тілеп, байқаудың үздік шығармалары топтастырылатын әдеби альманахтың жарық көретінін жеткізді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП