Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Абылай хан: Билік. Батырлық. Бейбітшілік»
26.11.2026
26 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Абылай хан: Билік. Батырлық. Бейбітшілік» атты көшпелі кітап көрмесін таныстырды. Іс-шара қазақ ұлы билеушісі Абылай ханның туғанына 315 жыл толуына орайластырылды.
Көрмені таныстыру барысында курсанттар Абылай ханның қолбасшы, дипломат және мемлекет қайраткері ретіндегі сан қырлы қызметімен танысты. Оның қазақ жерлерін біріктіруде және мемлекеттілікті нығайтуда шешуші рөл атқарған тарихи тұлға болғанын білді. Экспозицияға атақты билеушінің өмір жолы мен қызметінің негізгі кезеңдерін, әскери ерліктерінен бастап, шебер дипломатиялық саясаты мен ішкі реформаларына дейін қамтитын кітаптар қойылды. Көрмені ханның билік құрған дәуірі туралы тақырыптық бейнеролик толықтырды.
Кездесу жастардың Қазақстан тарихына тереңірек бойлауына мүмкіндік беріп, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға қосылған маңызды үлес болды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП