Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты достық форумы
18.02.2015
Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған онкүндік аясында «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты достық форумын өткізді.
Қазақстан жері, халқы біртұтас, болашағы бір мемлекет.
Достық форумы Қазақстан халқы ассамблеясының басты идеясына – Менің Елім–Мәңгілік Ел ұранына сәйкес өтті.
Шара Қостанайдың құт қонған жерінде тұрып жатқан түрлі ұлттар арасындағы келісімді нығайтуға және дамытуға, мұндағы ұлт өкілдерінің мәдениеті, салты мен дәстүрі жайындағы ақпаратты таратуға бағытталды.
Өңірдің көп жылғы бірлігі жайында ҚХС кеңесінің мүшесі В. Г. Вишниченко, ҚР Құрметті журналисі Г. Б. Бекмухамедова айтып берді.
Шара барысында шешендер мен ингуштардың тарихы келтірілген, түбі бір туыстас халықтардың өзіндік ерекшеліктері көрсетілген «Солтүстік Кавказ этностары: шешендер, ингуштар» («Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының құрылғанына 20 жыл толуына арналған) ақпараттық-библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өткізілді.
Аталған көрсеткіште қызу қандылық, ежелгі әдет-ғұрып, әсем әндер мен халық билері туралы көптеген қызықты мәліметтер келтірілген.
Шараға қаланың ғылыммен және шығармашылықпен айналысып жүрген танымал тұлғалары қатысты.
Достық форумы Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын байыта түскен, оларды өзара жақындастыра түскен музыкалық нөмірлермен безендірілді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ