Ұлы Отан соғысына қатысушылармен кездесу
05.04.2015
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімі Ұлы Отан соғысының ардагерлері Н.П.Степуринмен және И.Г. Котолевскиймен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге ҚР ұлттық гвардиясының №6697 әскери бөлімінің жауынгерлері шақырылды. Ардагерлер қартайып қалғандарына қарамастан отанымыздың бейбіт кезеңдегі жас қорғаушыларымен кездесіп, бұрынғысынша қатардан қалмағандарын дәлелдеді, соғыстың шынайы тарихымен, өмірден көргендерімен және жинаған тәжіриблерімен бөлісуге дайын екендерін көрсетті. Кездесу «бос микрофон» түрінде жүргізіліп, жігіттер құрметті қонақтарға сұрақтар қойып, алғыстарын білдірісті.