Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Облыстық таңбалар байқауының қорытындысын шығару бойынша байқау комиссиясының 2015 ж. 06.05 шығарған шешімі
06.05.2015
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қоғамның барлық мүшелерімен жұмыс істейтін беделді мәдениет мекемесі ретіндегі кітапхананың жұмысын көрсететін жаңа таңбаны дайындау мақсатында ұйымдастырылған облыстық таңбалар байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқауға 17 жұмыс ұсынылды. Олардың ішінде жеке адамдардың да, ұжымдық жұмыстар да болды.
Қазылар алқасы өз жұмыстарында Байқау туралы ережені басшылыққа ала отырып түскен жұмыстарды келесідей талаптар бойынша бағалады: жаңалығы, өзіндік ерекшелігі және ұсынылған жұмыстың орындалу сапасы, негізгі дизайнерлік талаптардың сақталуы және іс жүзінде пайдалануға қолайлылығы.
Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың сапасына талдау жасап шыққаннан кейін жұмыстардың ешқандай жаңалығы және өзіндік ерекшелігі жоқ, облыстық кітапхана мәртебесін көрсете алмайды деген қорытындыға келді. Олар әуесқой клубтар мен бірлестіктерге көбірек келеді.
Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана барлық байқауға қатысушыларға алғыс білдіреді және өзінің бастапқы таңбасын қолдана беретін болды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ