Қыркүйек айының алғашқы аптасында № 24 А орта мектептің ұстаздары мен 4 сынып оқушылары облыстық кітапханаға қонаққа келді. Оқушылар кітапханамен және бөлімдерімен танысып, католгтар мен жаңадан түскен кітап көрмесін көріп қызықтаған болатын. Оқушылардың қызығушылығы «Таулардан биік, теңізден терең» атты Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың 180 жылдығына арналған деректі-кітап көрмесінде болды. Бұқаралық және көрме жұмыстары бөлімінің кітапханашысы Қ. Аманжол жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы жайында баяндап берді. Оқушыларға сонымен қатар «Шоқан ізімен экцпедиция» атты деректі фильм көрсетілді. Шоқанның өмірімен танысқан оқушылардың бойына патриоттық пен туған жерге деген сүйіспеншілігін ояттық деген сенімдеміз.