10 қазан күні Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық ғылыми кітапханасы Қостанай облысының ІІД бірлесе отырып «Біз есірткіге қарсымыз!» шарасын өткізді.
Шараны өткізу барысында осы аттас кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – жастарға есірткінің зияны, оған тәуелділік туралы ақпарат беру, есірткі заттарының есеңгіретіп тастайтын қасиеттеріне жиіркеніш сезімін тудыру. Шара барысында нашақорлықтың алдын алу бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Шараға колледждердің студенттері шақырылды.