Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қостанайлық үш автордың: фотограф Иван Мармалидидің, суретшілер Сергей Луговой мен Сергей Лидің «Настроение Jazz» атты көрмесінің ашылуы.
11.04.2016

2016 жылдың 7 сәуірде Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қостанайлық үш автордың: фотограф Иван Мармалидидің, суретшілер Сергей Луговой мен Сергей Лидің «Настроение Jazz» атты көрмесінің ашылуы өтті. 

   Көрмеге қостанайлық және қаламызда өткен джаз фестивальдарында қонақ болған басқа да джаз музыканттарының фотосуреттері, сондай-ақ музыканың осы бағытына тікелей қатысы бар басқа да адамдардың суреттері қойылған.  Бұл қаламыздағы мұндай алғашқы көрме.

Иван Мармалиди – белгілі қостанайлық фотограф, шығармашылықпен айналысып жүрген тұлға, «Неа Акрополис» грек этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Сергей Луговой – қостанайлық ең танымал суретшілердің және дизайнерлердің бірі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, көптеген жеке және ұжымдық көрмелерге қатысушы.

Сергей Ли – кәсіпкер, музыкант, суретші, түрлі нәрсемен әуестенетін жан-жақты тұлға.

Олардың қай-қайсысының да музыкаға белгілі бір дәрежеде қатысы бар. Олар осы бір ерекше тақырыпты көрмеге қойылған жұмыстарында өз беттерінше жеткізуге тырысады.   


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ