29 сәуір күні еліміздегі басты мерекелердің бірінің қарсаңында Л.Толстой ат. ОӘҒК мен «Өрлеу» БАҰО» Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ АҚФ ұжымдары үшін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тақырыптық кеш өткізілді.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде бұл мереке жаңа мазмұнға ие болды, Республиканың гүлденуі мен халықтың жағдайын жақсарту жолындағы отандастарымыздың достығы мен бірлігінің тағы бір куәсі болды.
Мерекелік кештің концерттік бағдарламасына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының этно-мәдени орталықтарының белсенді өкілдері қатысып, өз халықтарының өлеңдерін оқып, вокалдық нөмірлері мен билерін көрсетті.