Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесі алғашқы келушілерін қарсы алды
26.01.2017

         25 қаңтарда тұсауы кесілген «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесі өзінің алғашқы келушілерін қарсы алды. Көрмемен алғашқы болып Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-8 сынып оқушылары мен Қостанай медициналық колледжінің студенттері танысты.

         ЕХРО көрмелерінің тарихы мен қайта жаңғыртылатын энергия көздері жайындағы ақпарат ерекше қызығушылық тудырды.  Көрмеге шолу сындарлы сұхбатқа ұласты.

         Көрмеге қойылған әдебиеттер жыл бойы жүйелі түрде жаңартылып отырылатын болады. Кітапханамыздың оқырмандары мен қонақтары үшін шолулар өткізіледі.

Мектеп, колледж оқушыларын, ЖОО студенттерін, барлық қостанайлықтар мен қала қонақтарын «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ