Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қашықтық пен қас қағым сәт»
28.02.2017

27 ақпанда Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында қоғам қайраткері, спортшы, ақын Аркадий Семенович Денисовтың 75 жылдығына арналған мерейтойлық кеш болып өтті. Оның 75 жасқа толуымен құттықтау үшін қала мен облыстың көптеген танымал адамдары: зиялы қауым өкілдері, спортшылар, түрлі қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, бизнесмендер, «Цеснабанктің» өкілдері және жақында Қостанай мен Федоров к. аралығын шаңғымен жүріп өткен Садовый а. 70 жасқа келген тұрғыны Мұхамедқали Асқаров келді. Сөз сөйлегендердің барлығы А.С.Денисовтың күшінің қайтпағанын, қоғам өміріне белсенді қатысып келе жатқанын, адамдарға сергек қарайтынын атап өтісті.

Облыстық кітапхана ұжымы атынан Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры Д.Т.Дүйсебаева сөз сөйлеп, мерейтой иесіне құттықтау жазылған кәдесый мен А.С.Денисовқа арналған мақала жарияланған «2017 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбесін» табыс етті.  

Достық ахуалда өткен кездесу барысында қонақтың құрметіне суырып салып өлең оқылды және әндер орындалды. Соңында жиналғандар мерейтой иесімен естелік суретке түсті. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ