Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жыл авторы – 2017». Сұлтанмахмұт Торайғыров
07.04.2017

Абонементтер бөлімінде белгілі қазақ ақыны, жазушы, әдебиет сыншысы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған кітап көрмесі ашылды.

Автордың шығармалары республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының қазылар алқасының шешімі бойынша 2017 жылы Қазақстанда жалпы оқуға ұсынылды.

         С.Торайғыровтың ғұмыры қысқа болғанына қарамастан «Жастарға», «Шәкірттерге», «Достыма хат», «Қымыз», «Түсімде», «Кеше түндегі түс, бүгінгі іс», «Күйеуге шығу», «Сымбатты сұлуға», «Гүләйім», «Өмір анты», «Шал мен қызға», «Қайран, өмір», «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры» және т.б. көптеген өлеңдер, мақалалар мен әңгімелер жазып үлгерді.

Көрмедегі басты орынға автордың кітаптары қойылған, олардың ішінде «Екі томдық шығармалар жинағының»  2 томы, «Дүние дөңгелегі айналады: таңдамалы», «Қамар Сұлу», «Сарыарқаның жаңбыры», «АСЫЛ СӨЗ. Өлеңдер мен дастандар», «Стихи и поэмы» және т.б. бар.

         Ақынның өмірбаяндық деректері туралы баяндайтын басылымдар: «Қазақстан» (қаз., ор.) ұлттық энциклопедиясы, «Абай» энциклопедиясы, «Литература Казахстана» энциклопедиялық анықтамалығы, О.А.Сегізбаевтің «Казахская философия XV-начала XX века» кітабы, О.В.Назаров пен В.В.Литвиненконың «Казахская литература» оқулық-хрестоматиясы ерекше қызығушылық тудырады. Қазақтың танымал жазушысы, аға буын өкілі Дихан Әбілевтің «Ақын арманы» өмірбаяндық трилогиясы ерекше назар аударарлық туынды.

Барлық кітап оқуды ұнатушыларды республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысуға және қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқып шығуға шақырамыз.

          Кітап көрмесі 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жұмыс істейтін болады. Кітап оқу көңіліңізді көтеріп, жаныңызды жадыратсын!


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ