2017 жылғы 23 маусымда ақпараттық-библиографиялық бөлім Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің әскери қызметкерлері мен ардагерлеріне «ЭКСПО халықаралық көрмесі: EXPO шежіресі: 2 шығарылым» атты библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесерін өткізді. Шежіре қазақ және орыс тілдерінде басылып шығарылған.
Келушілер көрсеткіштен көрмелер тарихымен танысып, Қазақстанның халықаралық көрмелерге қатысқаны туралы және EXPO-2017 барысы жайында ақпарат алды. EXPO-2017 көрмесінің тақырыбы ретінде таңдалған «Болашақтың энергиясы» қазіргі кездің ең өзекті және ғаламдық мәселесі болып отырған, барлық әлем жұртшылығын толғандырып отырған энергияны дұрыс пайдалану мәселесін көтеріп отыр, осы орайда Астана энергияны қолдану бойынша ең үздік жобалаулар мен трендтерді көрсететін алаңға айналды.