Құрметті оқырмандар!
Абонемент бөлімі «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаштан» Тәуелсіз Қазақстанға» атты кітап көрмесіне шақырады.
Көрмеге Алаш қозғалысының өкілдері – қазақ зиялыларының тағдырын көрсететін құжаттар жинағы, соның ішінде үш томдық «Алаш қозғалысы», Т.Жұртбайдың - «Біртұтас Алаш идеясы», М.Тынышпаевтың -«Политические выступления, научные труды, документы» материалдары қойылған. «Алаш Арысы» және «Красный террор: из истории политических репрессий в Казахстане» кітаптарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің авхив қорынан табылған құжат материалдарының түпнұсқасы берілген. Олар оқырмандарға саяси қуғын-сүргіннің мағынасыз, мәнсіз сипатын түсінуге мүмкіндік береді.
Көрме Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан көпшілік оқырмандарға, студент жастарға, оқытушыларға арналған. Көрме 01.07.17 бастап 30.09.17 дейін жұмыс істейді.