Құрметті оқырмандар! Жаңадан оқылған кітап – жаңа дос тапқанмен бірдей. Сіздерді кітапханаға түскен ең қызықты кітаптармен танысуға шақырамыз.
Жыл бойы әмбебап оқу залында білімнің барлық саласы бойынша келушілерге жаңа кітаптармен өз бетінше танысуға мүмкіндік беретін «Жаңа кітаптар фейерверкі - 2018» кітап көрмесі жұмыс істейтін болады. Көрме үнемі жаңартылып отырылады, сіздер өзіңізді қызықтырған кез келген кітаппен таныса алатын боласыздар!
Егер жауап таба алмай жүрген сұрақтарыңыз болса, кітапқа жүгініңіз, себебі кітап көрмесін оқырманның сұрағына кітапханашылардың кітаптың көмегімен жауап беруі арқылы өтетін сырттай сұхбат, оқырман мен кітапханашының сырттай сөйлесуі деуге болады.
Жаңа кітаптарды оқыңыздар, ешкімнен және ештеңеден қысылмай, оқуға болатын барлық жерде кітап оқып жүріңіздер!
Сіздерді әмбебап оқу залында күтеміз!