Көктемгі маусым ашылды! Жаңа кітаптарды көріңіздер!
05.03.2018
Көктем – нағыз кітап оқуды
бастайтын кезең. Абонементтер бөлімі барлық кітап оқуды ұнатушыларды жаңадан
түскен кітаптардың көрмесін көруге және көктемнің алғашқы айында түскен жаңа
әдебиеттермен танысуға шақырады. Көрмеге түрлі жанрдағы кітаптар: іскер әдебиет,
фантастика, детектив, роман және басқалар қойылған. Жаңадан түскен кітаптар
көктемнің биылғы маусымын тамаша толықтыра түседі деп сенеміз.