Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қостанайлық қолөнер шеберлерінің «Қолөнер құдіреті» көрме-байқауы қорытындыланды
21.05.2018

18 мамырда кітапханада қостанайлық қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылған «Қолөнер құдіреті» көрме-байқауының қорытындысы шығарылды.  Аталған шараны «Квадрум» шеберханасының директоры Александр Анатольевич Нам ұйымдастырды. 

Көрмеге крестеп тоқу, тығыз кестелеу, моншақпен тоқу секілді түрлі техникамен орындалған 50 астам жұмыс қойылды. Жұмыстардың тақырыбы мейлінше алуан түрлі – олардың ішінде портрет те, пейзаж да, натюрморт та және көп фигуралы композиция да бар.  Бір ай ішінде көрмені мыңнан аса адам тамашалап, олар жұмыстар жайындағы өздерінің пікірлерін қалдырды.

Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ