«Кітапхана – отандық тәрбие беру орталығы»
20.05.2014
Елімізде орын алып отырған қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал көптеген мәселені шешудің, соның ішінде жастарға отаншылдық тәрбие берудің қажеттігін көрсетіп отыр. 20 мамыр күні Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК «Кітапхана – отандық тәрбие беру орталығы» тақырыбымен қызмет көрсету бөлімдерінің кітапханашыларына арналған облыстық семинар болып өтті.
Адамның бойына отаншылдық сезімін сіңіру үрдісі ерте замандардан басталғаны белгілі. Өткенге көз жүгірткен кез келген адам қоғамның әлеуметтік дамуында тарихи маңызды міндеттерді шешу қажет болғанда ойшылдар мен педагогтардың отаншылдық мәселесіне жүгінгендерін көре алады. Тарих ғыл. кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ гуманитарлық-әлеуметтік факультеті деканының оқу істері жөніндегі орынбасары С.С.Исмаилов өз баяндамасында ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың аяғындағы қазақ диаспорасының тарихының зерттелуін тілге тиек етті. Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының аймақтармен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Ж.К.Мұсабаева соңғы жиырма жыл ішінде қоғамымызда өмірдің барлық саласында орын алып отырған келеңсіздіктерге тоқталды. Әсіресе, рухани тоқыраудың, соның ішінде тәрбие жұмыстары мен білім беру саласындағы олқылықтардың зардаптарының ерекше екендігін атап өтті.
Түрлі авторлардың бағалауы бойынша қоғамымыз осы жылдары рухани-адамгершілік тұрғысынан екі ұрпақты жоғалтып алған. Бұл ең алдымен дәстүрлі құндылықтарды жоғалтуымызбен сипатталады. Осыдан барып отаншылдық және азаматтық сананы қалыптастыру бағытындағы жаңа әдістерді зерттеу және қолдану қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Жастар мәселесімен айналысып жүрген Д.И. Қарымсақова, Е.С. Төлетаев, Е.В. Смышляева жастар саясатын ұлт пен мемлекеттің дамуындағы басты мақсат ретінде анықтаудың қажет екендігін атап өтісті. Аталған мақсатта өткізілетін шаралар сан алуандығымен, ашықтығымен, нақты бірдемеге бағытталғандығымен, жүйелілігімен, бейресмилігімен, бағдарламалар мен жобаларды жасауға жастардың кеңінен тартылуымен, жоғары дәрежедегі қаржыландырылуымен, заман ағымына орай жастарға қатысты заңдардың өзгертіліп отырылуымен ерекшеленуі тиіс. Қазіргі таңда жастар саясатын жүзеге асырумен айналысатын орталықтар мен аймақтардың жұмыстарын бір арнаға бағыттаудың, сондай-ақ уақыт талабына сай жастар саясатын үнемі толықтырып, түзетіп отырудың қажеттігі туындап отыр.
«Костанай и костанайцы» сайтының әкімшісі Арман Қозыбаевтың баяндамасы жиналғандардың есінде қалатын баяндама болды. Бірнеше жылдан бері ол өз бетінше туған өлкесінің тарихы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп келеді. Қазіргі кезде бұл Қостанай облысының тарихы мен мәдениеті жайындағы ақпарат ұсынатын ең ірі интернет-ресурс болып отыр. Онда 16 мыңнан астам фотосурет орналастырылып, ХІХ ғасырдан қазіргі кезге дейінгі аралықтағы оқиғалар кезең-кезеңмен берілген. Сондай-ақ портал пайдаланушыларға танысу үшін 2500 астам құжатты ұсына алады. Өзінің бес жылдық тарихында «Костанай и костанайцы» порталы «Қостанай облысының 2010 жылғы үздік жеке сайты» атағы мен «Қостанай облысының 2011 жылғы үздік беймемлекеттік ресурсы» номинациясы бойынша 3-орынды жеңіп алды.
Меңдіқара және Науырзым ОКЖ келген әріптестер өздерінің отаншылдық тәрбие беру жұмыстарының тәжірибелерін ортаға салысты.
Арнайы дайындалған сұхбат алаңында кәсіби пікірталас пен аталған тақырып бойынша жұмыс тәжірибелерімен алмасу болды.
Семинарға қатысушылардың назарына «ХХІ ғасырдағы отаншылдық: бұрынғы және қазіргі кездегі тәжірибелерге сүйене отырып отандық тәрбие беруді жалғастыру» атты кітапханалық көрме ұсынылып, Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК КДБ сектор меңгерушісі Д.М.Шақарова көрмеге шолу жасады.
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімі Ғылыми-тәжірибелік материалдар мен Отандық тәрбие беру жөніндегі көпшілік шаралардың сценарийлері атты екі жинақ дайындады.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын болады.