1997 жылы күнтізбе парағында Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні бекітілді. Осы күнге орай 29.05 жиналыс залында «Қасірет күні. Үміт күні» тақырыбымен реквием кеші болып өтті.
Соңғы уақытта кітапханамызға жерлестерімізге, нақтырақ айтсақ, қуғынға ұшыраған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріміз жайында құжаттарға сүйеніп жазылған көптеген кітаптар келіп түсуде.
Сондай кітаптардың бірі екі мәрте «халық жауы» ретінде сотталған, қаншама қиындықтардан соң үйіне аман-есен оралған жерлесіміз Заеке Мұхамедиұлына арналған Абдрахман Бекмағанбеттің «Қанаты қайырылмаған қыран» атты еңбегі боп табылады. Еске алуға Заеке ағайдың қандай адам екені туралы әңгімелеп берген туыс-туғандары да келді.
Марал ишан атындағы облыстық мешіттің наиб-имамы Бақытжан қажы XXI ғасырда өмір сүріп жатқан біздер құрбан болғандарды есте сақтап, тарихтың сол қатпарлы кезеңдері қайталанбауы үшін қолымыздан келгенін істеуге міндетті екенімізді атап өтті. Сондай-ақ кешке еңбек ардагерлері, ІІД тыңдаушылары және БАҚ өкілдері қаысты.