Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қалам майталманы»
22.10.2014

Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада қазақ әдебиетінің барлық жанрында тыңнан жол салысқан жазушы, әдебиет пен журналистика, драматургия саласында белгілі із қалдырған, жүйрік жазушы, абзал азамат Бейімбет Майлиннің 120 – жылдығына арналған «Қалам майталманы»  атты мәдени - шара өтті. Оған жазушы - сатирик Ғұмар Ахметчин, заңгер – қаламгер, журналист Ғалихан Мәулетов, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Шынар Төлегенова, облыстық тарихи өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі Назима Оташева қатысып, Бейімбет Майлиннің өмір жолы мен шығармашылықтарына тоқталып, қазақ драма әртісі Қабдол – Мәжит Иманов және студенттер Бейімбет Майлиннің өлеңдерін оқып, «Шұғаның белгісі» пьесасынан үзінді көрсетті.

Мәдени - шараға арнайы көрме ұйымдастырылып, презентация жасалып, видеофильм көрсетілді. Көрмеге 74 - кітап,  34 – газет - журналдар қойылды. Мәдени - шараға 100 адам қатысты.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ