Барар жеріміз – болат бөлме
03.11.2014
Мәскеудегі Пречистенка көшесіндегі «болат бөлмеде» Лев Николаевич Толстойдың қолжазбалары – біздің ұлттық байлығымыз сақтаулы тұр. Даль Константинович Орловтың «Место явки – стальная комната» кітабы осылай басталады, қолтаңбасы қойылған бұл кітапты автор кітапхаға тарту еткен болаты. Даль Орлов –жазушы, журналист, кинотанушы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, бұрынғы «Кинопанорама» телехабарының жүргізушісі және атақты «Советский экран» журналының бас редакторы. Кітаптың тұсаукесерін өткізуде «Костанайские новости» ерекше белсенділік танытты. Жазушы өзінің қазіргі жетістіктерін 10 жасында Қостанайда өткізген бақытты балалық шағының жалғасы деп танитындығын жеткізді. Шараға қатысқан Қостанай ЖОО профессорлары мен оқытушылары құрамының өкілдеріне, студент жастарға танымал тұлғамен «on-line» тәртібінде сөйлесудіәң сәті түсті.