Абонементтер бөлімінде Қазақстан Республикасының бірінші Президенті күніне арналған «Бір ел, бір басшы, бір жол - Одна страна, один лидер, один путь» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап біздің елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қабылдаған шешімімен дүниеге келген мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының бірінші Президенті күні аталып өтіледі.
Көрмеге ел басының ұлт көсемі, азамат, қатардағы адам ретіндегі келбетін жан-жақты көрсете алатын көптеген керемет басылымдар қойылған.
Қазақстан Республикасының бірінші Президенті күніне арналған «Бір ел, бір басшы, бір жол - Одна страна, один лидер, один путь» атты кітап көрмесі 2013 ж. 18.11-нен 2013 ж. 6.12-не дейін жұмыс істейтін болады. Көрмеге қойылған басылымдар мамандарды ғана емес, сондай-ақ оқырмандарды да бейжай қалдырмайды.