Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға «Денсаулығыңды сақта», «Денсаулық – басты байлық» және «Тамақтану тәртібі» атты үш бөлімнен тұратын «Жан мен тәннің саулығын сақтаудың жолдары» көрме-кеңесінің бейнешолуын ұсынамыз.
«Денсаулығыңды сақта» бөлімінде физикалық тұрғыдан адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, әдемі, сымбатты болудың, яғни ауырмаудың жолдары туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған.
«Денсаулық – басты байлық» бөлімінен ағзаның ерекшеліктері туралы, өз денсаулығыңызға қалай күтім жасау керектігі, көру, есту қабілеттерін қалай сақтау керектігі туралы және т.б. біле аласыздар.
«Тамақтану тәртібі» бөлімінде тамақтану, тамақ таңдау, тамақтану режімін сақтау мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік беретін әдебиеттер ұсынылған.
Көрме көпшілік оқырман үшін қызықты болмақ.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=tq04-7cuqZo