Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Көшпенділер өмірінің кемеңгері
21.01.2015
Абонементтер бөлімінде қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына арналған «Көшпенділер өмірінің кемеңгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жазушы қазақ әдебиеті прозасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол жұртшылыққа өзінің атақты тарихи романдарымен танымал болды.
Қазақстан композиторлары І.Есенберлиннің сөзіне 40 астам ән жазды.
Оның шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылды және жер жүзіне миллиондаған данамен таралды.
Көрмеге арасында атақты «Көшпенділер» және «Алтын орда» трилогиялары, «Хан Кене», «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс» және т.б. романдары бар кітаптар, сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер қойылған.
Көрме 5 ақпанға дейін жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ