Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Елінің ертеңі үшін еңбек еткен Есенберлин
27.01.2015
2015 жылы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығын ЮНЕСКО аясында атап өту енгізілген. 2015 жылдың 10 қаңтарында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толды. Бұл есім қазақ әдебиеті мен мәдениетінің шығармашылық алыптарының қатарында тұр. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алған және ұлттық игілік болып табылады.
І.Есенберлин жиырмасыншы жүзжылдықта ел басына түскен қаралы күндердің куәсі болған, тарихи шындықты келер ұрпаққа жеткізе білген қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі. Шараның тұрғындардың назарын І.Есенберлиннің шығармашылығына аудару, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайындағы білімдерін кеңейту мақсатында өткізілді. Оның шығармаларындағы кейіпкерлердің негізінде отансүйгіштікті, елінің тарихын құрметтей білуді тәрбиелеу.
Шараға Атбасар қ. І.Есенберлиннің әдеби мұражайы қызметкерлері – мұражайдың ғылыми қызметкері Бекенова Үмітжан Базарбекқызы, мұражайдың қорларын сақтаушы Жақыпова Құралай Болатқызы, Қостанай қаласының ЖОО мен орта мектептерінің оқытушылары, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ Білім беру менеджменті және мониторингі басқармасының бас маманы Орынбаева Кәмила Еркетайқызы, № 122 мектептің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ранцева Ирина Павловна қатысты.
Кеш соңында қонақтарға «Көшпенділер» көркем фильмі көрсетілді.
Шараға арналып ұйымдастырылған безендірілген кітап көрмесіне Ілияс Есенберлин мұражайынан әкелінген экспонаттар қойылды. Шара басысында жиналғандардың назарына электронды көрсетілімдер ұсынылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ