Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Кітап көрмесіне шолу
13.02.2015
«Ғасырларға куә болған мемлекет» кітап көрмесіне қойылған хандардың портреттері, қазақ хандығы тарихында орын алған атаулы күндер жылнамасы, тарихи эсселер, көркем әдебиеттер секілді қазақ хандығының негізі қалануы жайындағы материалдар кітапхананың келушілерін ерекше әсерге бөлейді. Ұсынылған барлық басылымдар полиграфиялық тұрғыдан асқан сапалылығымен көз тартады және Қазақстанның тарихын толығырақ танығысы келгендердің барлығына арналған.
Айдың басында Қостанай облысы ІІД тыңдаушыларына, индустриялық-педагогикалық колледж бен гуманитарлық колледждің студенттеріне арналған кітап көрмесіне шолу өткізілді. Келушілерді тарих ғылымдарының кандидаты Сымағұлов Серікжан Сағындықұлының баяндамасы да ерекше толқытты.
Келушілерге Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның басты БАҚ журналистерімен болған кездесуі және мемлекет басшысының «Тарих толқынында» кітабының желісі бойынша 3D нысанда түсірілген «Қазақ елі» анимациялық фильмі көрсетілді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ