ҚР Ұлттық гвардиясының 6697 әскери бөлімімен ұйымдастырылған «Біз Жеңіс ұрпақтарымыз» акциясы шеңберінде Жеңістің 70жылдығына арналған «Жеңісті жеткізген лента» атты кітап көрмесі безендірілді.
18.02.2015
16 ақпан күні балалардың қалалық шығармашылық үйінде Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері өздерінің қорларындағы Ұлы Отан соғысының негізгі оқиғаларын, халқымыздың Жеңіс жолындағы басынан кешкен қиындықтарын баяндайтын әдебиеттер қойылған «Жеңісті жеткізген лента» атты кітап көрмесін безендірді. Тарихи қысқаша анықтамалар, соғыс жайындағы әсерлі әңгімелер декреті фотосуреттермен және суреттермен безендірілген. «Соғыс және Жеңіс жырлары» бөлімінде соғыс жылдарындағы әндер мен марштар жазылған кітаптар, күйтабақтар, ақындар, жазушылар, майдангерлер жазған ән жинақтары қойылған. Ұлы Отан соғысында майданда қайтыс болған композиторлар, әншілер мен музыканттар туралы, соғыс кезіндегі көптеген әндердің тағыдырлары жайындағы кітаптар қойылған. Жауынгерлердің рухын көтерген, ертеңгі күннен үміт күттіріп, жеңіске деген сенімді арттырған музыканың жеңіске қосқан үлесі орасан болды. Кескіндеме, мүсін және графика саласының шығармалары: әскери суреттер мен үгіт жұмыстары, соғыс сәттері бейнеленген фотосуреттер, соғысқа қатысқан суретшілердің қалпына келтірілген шығармалары көрменің «Соғыс жайындағы суреттер» бөлігіне қойылған. Ұлы Отан соғысы мен Жеңіске арналған деректі фильмдер көрсетілді.
Кітапхана қызметкерлері сонымен қатар «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз!» акциясы аясында 6697 әскери бөлімі ұйымдастырған Жеңістің 70 жылдығына арналған эстафетаның салтанатты бөлігін өткізуге белсенді қатысты. Соғыс туралы театрландырылған «Аман бол, інішек» композициясына қатысты. Соғыстың басталуы, мектеп түлектерінің майданға аттануы, оларды қыздардың шығарып салулары және майданда кездеу сәттері туралы көріністер қойылды. Аналарына хат жазып жатқан, аналарының оларды қалай күтіп жүргендері, ұлдарына хат жазған сәттері сахналанды.
Шараға ҰОС ардегерлері, 6697 әскери бөлімінің ардагерлері, Ауғанстандағы жергілікті соқысқа қатысқан жауынгерлер, ҚАЖ академиясының және қаламыздағы әскери-патриоттық клубының курсанттары, басқа да шақырылған қонақтар қатысты.