Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Халықаралық «Ақ таяқ» күні аясында өткізілетін «Мақсат бар жерде шектеу жоқ» облыстық байқауының ережесі
06.06.2023
Халықаралық «Ақ таяқ» күні аясында өткізілетін
«Мақсат бар жерде шектеу жоқ» облыстық байқауының ережесі
Жалпы бөлім

Бұл ереже Халықаралық «Ақ таяқ» күні аясында өткізілетін «Мақсат бар жерде шектеу жоқ» байқауын ұйымдастыру және өткізу мақсатында әзірленді.

Байқауды ұйымдастырушылар: Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы.
Осы Ереже байқауды өткізудің мақсаттарын, міндеттерін, шарттары мен мерзімін айқындайды.

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- зағип жандардың мәдени-білім деңгейін арттыру;
- нүктелі-бедерлі әдебиеттерді оқитын зағип жандардың сезу қабілеттерін дамыту;
- компьютерлік сауаттылығын арттыру;
- нүктелі-бедерлі әдебиеттерді оқыту аясында оларды қоғамға бейімдеу және оңалту;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде Брайль жүйесі бойынша оқу техникасын жалпы білім беру деңгейін арттыру құралы ретінде дамыту;
- көруінде қиындығы бар адамдардың өзін-өзі көрсетуіне және шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу;
- нүктелі-бедерлі әдебиеттер қорын насихаттау;
- түрлі салада зағип жандардың ой-өрісін кеңейтуге атсалысу;
- Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын насихаттау;
- кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.

2. Мақсатты аудитория:
- Облыстың қалалары мен аудандарында тұратын 16 жастан асқан көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар.


3. Байқауды өткізу мерзімі:
Байқау 2 кезеңде өткізіледі.
І кезең: Аймақтық (іріктеу) – 2023 жылдың 21 маусымынан бастап 19 қыркүйегіне дейін;
ІІ кезең: Республикалық (қорытынды) – 11-12 қазан аралығында, 2 жұмыс күні ішінде Алматы қаласында өткізіледі.

4 . Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: 1 қосымша
1. «Компьютерде жылдам теру» номинациясы;
2. «Жылдам әрі мәнерлеп оқу» номинациясы;
3. «Монологты мәнерлеп оқу» номинациясы;
4. «Диктант» номинациясы;
5. «Эссе» номинациясы;
6. «Берілген тақырыпта өлеңді суырып салып айту» номинациясы.

Байқауға материалдарды кітапхананың тиісті мамандары дайындайды. Әрбір номинация бойынша барлық қатысушылар арасынан тек екі жеңімпаз анықталады: біріншісі – мемлекеттік тілде, екіншісі – орыс тілінде.

5. Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі:

Байқау зағип және нашар көретін адамдар (ересектер мен 16 жастан жоғары мектеп оқушылары) арасында қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Аймақтық (іріктеу) байқау екі кезеңде өткізіледі.
I кезең: «Компьютерде жылдам теру», «Жылдам әрі мәнерлеп оқу», «Диктант» номинациялары 2023 жылдың 21 маусымында өтеді.
II кезең: «Монологты мәнерлеп оқу», «Эссе», «Берілген тақырыпта өлеңді суырып салып айту» номинациялары 2023 жылдың 19 қыркүйегінде өтеді.
Байқаудың іріктеу кезеңінен І орын алған жеңімпаз Байқаудың республикалық (қорытынды) кезеңнің қатысушысы атанады. Байқаудың республикалық кезеңіне қатысу үшін жергілікті Ұйымдастыру комитеті аймақтық байқаудың І жеңімпаздарының материалдарын 2023 жылдың 12.09. дейін «ЗНКААРК» РММ жолдауы тиіс.

Өтінім міндетті түрде мынадай материалдарды қамтиды:
- Іріктеу кезеңінің қорытындылары жазылған хаттама;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
- Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің атынан оның басшысы қол қойған және ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған қатысушыны ұсыну (негіздемемен) туралы өтініш.

Қазылар алқасы:

Байқаудың қазылар алқасының құрамына «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ білікті мамандары, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай филиалының мүшелері, оның ішінде көруде қиындықтары бар мамандар кіреді.
«Компьютерде жылдам теру», «Жылдам әрі мәнерлеп оқу», «Монологты мәнерлеп оқу», «Берілген тақырыпта өлеңді суырып салып айту» номинациялары бойынша алдын ала жеребе тарту өткізіледі.

6. Байқау қорытындысын шығару

Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарады, олар тиісті хаттамамен ресімделеді.
Әр номинация бойынша тек екі жеңімпаз анықталады: бірі – мемлекеттік тілде, екіншісі – орыс тілінде.

7. Байқау жеңімпаздарын марапаттау:

Байқаудың қазылар алқасы 6 номинация бойынша 12 жеңімпазды анықтайды.
Жеңімпаздар дипломдармен және (немесе) көзделген бюджет шеңберінде сыйлықтармен марапатталады.

8. Байқаудың ақпараттық қамтылуы:

Байқаудың өткізілуін хабарлау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз хабарламаларын, байқау бағдарламасын және басқа да ақпараттық-анықтамалық материалдарды ұсынады.
Осы Ережені қоса алғанда байқау туралы ақпарат әлеуметтік желілерде және «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ сайтында орналастырылған.

9. Өткізу орны және уақыты:

Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі 111,
«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ.
Байқауды өткізу орны мен уақытын Ұйымдастыру комитеті белгілейді және бұл барлық мүдделі тұлғаларға міндетті түрде жеткізе отырып оның шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

Байланысу жолы:
Барлық сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитетіне хабарласу қажет.
телефон: 8(7142)503-075 e-mail: specotdel@mail.kz

№ 1-қосымша


«Компьютерде жылдам теру» номинациясы

Қатысушы экранды оқу құралы орнатылған компьютердің алдына отырады. Ал жүргізуші алдын ала дайындалған, шамамен 1215-1220 белгіден тұратын мәтінді орташа жылдамдықпен оқиды. Қатысушылар мәтінді стандартты клавиатура көмегімен Word мәтіндік редакторында зағиптар пайдаланатын тәсілмен (он саусақпен теру) тереді. Жүргізуші тоқтамайды және мәтінді қайталап оқымайды.
Байқау қорытындысын қазылар алқасы шығарады.

«Компьютерде жылдам теру» номинациясының бағалау критерийлері:
• Жеңімпаз мәтінді толық теріп үлгеруі керек немесе басқа қатысушыларға қарағанда қатесі ең аз болуы тиіс;
• Жеңімпаздың орфографиялық қателері неғұрлым аз болуы қажет;
• Жеңімпаз тыныс белгілері мен бас әріптерді қолдануы тиіс.

Компьютерде теруге арналған материалмен байқаудың әр кезеңінің ұйымдастырушылары өздері қамтамасыз етеді.

«Жылдам әрі мәнерлеп оқу» номинациясы

Байқаудың «Жылдам әрі мәнерлеп оқу» номинациясы түрлі жастағы оқырмандар арасында дауыстап әрі жылдам оқу техникасы бойынша интеллектуалдық жарыс болып табылады.
Сайыс барысында дауыстап оқу техникасы тексеріледі. Оқу қарқыны, дұрыс оқу (қатемен және қатесіз оқу: әріпті қалдыру немесе ауыстыру, сөздерді қайталау, екпінді дұрыс қою, жалғауды дұрыс айту т.б.), оқығанды түсіну, сондай-ақ, мәнерлеу ескеріледі.
Қатысушыға алдын ала дайындалған оқуға арналған мәтін беріледі. Тексеруден өтіп жатқан сайыскерге мәтінді алдын ала оқуға болмайды.
Қазылар алқасы мәтінді оқымас бұрын уақытты белгілейді және қатысушыға мәтінді оқуға рұқсат береді. Қазылар алқасы мәтін оқылу кезінде тексеру параметрлеріне сәйкес ескертпелерді жазып отырады. Оқуға берілген мәтінді қатысушы 5 минут ішінде дауыстап оқиды. 5 минуттан кейін оқу тоқтатылады және қазылар алқасы оның соңғы сөзін бланкілерінде белгілейді.
Мәтінді оқып болған қатысушы ұйымдастырушының көмегімен аудиториядан шығады, осы кезде қазылар алқасының мүшелері қатысушының 5 минут ішінде оқыған белгілерін санап, оқу техникасының тексеру нәтижелерін шығару үшін кестеге енгізеді.
Байқау қорытындысын қазылар алқасы шығарады.
Әрбір номинация бойынша барлық қатысушылар арасынан тек екі жеңімпаз анықталады: біріншісі – мемлекеттік тілде, екіншісі – орыс тілінде.

«Жылдам әрі мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша бағалау критерийлері:
• Жеңімпаз басқа сайыскерлерге қарағанда 5 минут ішінде көп сөз оқып шығуы тиіс;
• Жеңімпаз анық, сауатты және мәнерлеп оқуы қажет.
Оқуға арналған материалды (мәтінді) байқаудың кезеңін ұйымдастырушылар дайындайды.

«Монологты мәнерлеп оқу» номинациясы

Байқауға қатысушылар алдын ала дайындалған монологты (ұзақтығы 3-4 минут) кезекпен оқиды. Байқау қорытындысын қазылар алқасы шығарады.

«Монологты мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша бағалау критерийлері:
• Бірінші кезекте монологтың мәнерлеп оқылуы бағаланады;
• Анық және дұрыс оқу;
• Орындау шеберлігі.

1-ші кезеңге арналған монолог мәтінін байқауды ұйымдастырушы ұсынады.

«Диктант» номинациясы

Қатысушылар орналасып, жазуға дайындалады. Жүргізуші алдын ала дайындалған, шамамен 215-220 сөзден тұратын мәтінді орташа жылдамдықпен оқиды. Қатысушылар мәтінді Брайль жүйесі бойынша арнайы жазу құралдарымен жазады. Жүргізуші тоқтамайды және мәтіннің оқылып болған бөлігін қайта оқымайды. Диктант аяқталғаннан кейін қатысушыларға мәтінді тексеріп алуға 3 минут беріледі. Байқау қорытындысын қазылар алқасы шығарады.

«Диктант» номинациясының бағалау критерийлері:
• Жеңімпаз мәтінді толық жазуы міндетті немесе басқа сайыскерлермен салыстырғанда жіберген қатесі аз болуы қажет;
• Жеңімпаздың орфографиялық қатесі мен түзетулері неғұрлым аз болуы тиіс;
• Жеңімпаз тыныс белгілерді қолданса.
Диктантқа арналған материалды (мәтінді) байқаудың кезеңін ұйымдастырушылар дайындайды.

«Эссе» номинациясы

Қатысушыларға арнайы тақырыпта эссе (шығарма) жазуға тапсырма беріледі. Жүргізуші тақырыптың атын атап, эссе жазуға 45 минут уақыт береді. Дайын болған жұмыстар қазылар алқасына тапсырылады.
Байқау қорытындысын қазылар алқасы шығарады.

«Эссе» номинациясын бағалау критерийлері:
• Шығарма тақырыбына мазмұнының сай келуі;
• Шығарманың ерекшелігі мен ой ұшқырлығы;
• Қатысушының өз ойын жеткізе алуы;
• Сауаттылық.

Эссе тақырыбын байқаудың кезеңін ұйымдастырушылар дайындайды.

«Берілген тақырып бойынша өлеңді суырып салып айту» номинациясы

Қатысушыға өлең тақырыбы ұсынылып, 30 минут уақыт беріледі. 30 минут өткеннен кейін әр қатысушы өз кезегімен шығарған өлеңін қазылар алқасының алдына шығып оқиды. Өлеңді оқуға 5 минуттан артық уақыт берілмейді.

«Берілген тақырып бойынша өлеңді суырып салып айту» номинациясын бағалау критерийлері:
• Өлең мазмұнының тақырыпқа сай келуі;
• Шығарманың ерекшелігі;
• Сайыскердің өз ойын өлең жолдарымен жеткізе алуы;
• Орындау шеберлігі.

Өлең тақырыбын байқаудың кезеңін ұйымдастырушылар дайындайды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ