Стр. 4 - oblast-75

Упрощенная HTML-версия

4
Молдахмет Кенбаев.
(өмірбаяндық очерк)
«Қазіргі кезде «суретші қазақ»
деген тіркеспен ешкімді таңдандыра алмайсың,
біздің санымыз бірнеше жүзге жетіп қалды,
олардың қай кезде бірен-саран болғаны есімде жоқ»
М. Кенбаев
Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнерінің дамуының негізгі
факторы жəне ерекшелігі ретінде тəуелсіздік идеяларының тұрақты
бейнеленуін атауға болады. Соған қарамастан көркемсурет мектептері ашылу
жəне даму кезеңдеріне байланысты аталған міндеттерді түрлі кезеңде түрліше
қойып, түрлі жолдармен шешіп отырды. Кескіндеме саласында тəуелсіздік
идеяларын бейнелеу суретшілердің кəсіби деңгейлеріне, ұлттық мектептің
деңгейлеріне байланысты болды.
1950 жылдар ұлттық көркемсурет мектебінің биік деңгейге көтерілу
кезеңі болды жəне бұған Қазақстан өнеріне бір топ кəсіби дайындықтан өткен,
дарынды суретшілердің келуі ықпал етті. Осы кезеңде Қазақстан өнеріне келіп
қосылған К. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мамбеев. К. Шаяхметов, Ж. Шарденов,
Р. Сахи жəне басқа кескіндемешілер Ленинград пен Мəскеудегі ең үздік деген
көркемсурет саласындағы жоғары оқу орындарын бітіріп келген болатын.
Олардың шығармашылығынан еуропа мен орыс мектептерінің сурет салу
əдістерімен қатар көшпенділердің ұрпағына тəн дүниетаным анық байқалар еді.
Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев 1925 жылы Қостанай облысының
Жангелді ауданындағы шаруа отбасында дүниеге келген. Жастайынан жетім
қалған ол 1931 жылдан 1941 жылға дейін балалар үйінде тəрбиеленеді. Оның
сурет салуға деген бейімділігі мен құштарлығы ерте кезден-ақ пайда болды
жəне Молдахметтің бала кезіндегі суреттерінің өзі мұғалімдердің назарын
аударып үлгерді. Ол 1938 жылы Алматы пионерлер үйі ұйымдастырған балалар
суретінің республикалық көркемсурет көрмесіне, сондай-ақ «Девушка за
работой» шығармасымен Мəскеуде өткен балалар суретінің Бүкілодақтық
көрмесіне қатысты. Сол кездің өзінде-ақ баспасөз бетінде жас суретшінің
жұмыстарына жоғары баға берілген болатын жəне оның бірнеше жұмысының
репродукциялары пионерлер газетінде жарияланып үлгерді.
1940 жылы Алматыда шыққан «Цветы чудесного сада» ұжымдық
жинақта жарияланған балалар жұмысының ішінен жас М.Кенбаевтің «Новый
Казахстан» атты жұмысын да көруге болады. Жас суретшінің бұл жұмысынан
электр беру сымдарын, зауыттардың түтіні будақтаған мұржаларын, көп
қабатты үйлерді, адамдарды – жұмысшыларды, иықтарына шойбалғаларын
асынған шахтерлерді көруге болады. Жас баланың арманынан туған бұл көрініс
Іле Алатауының аясында бейнеленген болатын.
Жеті сыныпты бітіргеннен кейін Кенбаев 1941 жылы Алматы театр-
көркемсурет училищесінің кескіндеме бөліміне түседі. Ол кезде бұл оқу
орнында А.М.Черкасский жəне Л.П.Леонтьев секілді тамаша суретші əрі