Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Өлкетану әдебиеттері бөлімі

Өлкетану әдебиеттері бөлімі

Өлкетану іздену, зерттеу және зерделеу арқылы, өзіміздің шығу тегімізді тану арқылы туған өңірімізді білудің арқасында өткеніміз бен қазіргі өміріміз туралы ойлануға итермелейді. Біздің өңіріміз үшін тарихи-мәдени бағыттағы ең маңызды міндет – бұл өңіріміздің даму тарихы туралы білімді сақтап қалу. Бұл міндетті жүзеге асыруға Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттері қоры көмек көрсете алады. Себебі осы жерде тарихи құжаттар – облыс пен қаланың өткені мен қазіргі кездегі өмірі жайындағы білімнің дереккөздері сақталады. 

Бөлімнің басты міндеті өлкетанушылық ақпараттық ресурстарды жинау және сақтау, өлкетанушылық ақпаратты тарату болып табылады.

Негізгі мақсат – өңірдің тарихына қатысты құжаттардың сақтандыру қорын жасау және сақтау, оқырмандарды ең құнды және бірегей өлкетанушылық басылымдармен қамтамасыз ету, олар жайындағы ақпаратты интернетке орналастыру.

  Бөлімнің міндеті – оқырмандарды өзінің ауданы мен ауылының тарихы, қазіргі кездегі жағдайы мен келешегі туралы хабардар ету, туған өңіріне деген қызығушылығын дамыту, өскен өлкесіне деген іңкәрлігі мен оны сақтауға деген ниетін тәрбиелеу,  танымал тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, туған өлкеміздің жазушылары мен ақындарының шығармашылығымен таныстыру.

 

Бөлім үш құрылымдық бөлімшеден тұрады:
Зерттеу және электронды өлкетану
ресурстарын жасау секторы

Сектор зерттеу жұмыстарын жүргізумен және «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар»
толық мәтінді деректер базасының электронды өлкетану ресурстарын толықтырумен айналысады.
Оның жұмысына ақпаратты іздеу, іріктеу, зерделеу, оны цифрлық нұсқаға түсіру, жүйелеу және желінің
электронды каталогқа бекітілген ресурсына






                                                                      Сирек кітаптар қоры секторы















Сирек кітаптар қоры секторында ғылыми, көркем және тарихи құнды кітаптар жинақталған.  Әрбір келуші бұл жерден өзі үшін қызықты болатын мәлімет таба алады. Мысалы, көне кириллица қарпімен шығарылған кітаптар, шағын көлемді басылымдар коллекциясын атауға болады. Шағын көлемді басылымдардың көркемдігі, әсемдігі және өзгелерден ерекшелігі  көрген адамды еріксіз таң қалдырары сөзсіз.Сирек қорда орыс, қазақ және украин тілдерінде жазылған, авторлардың қолтаңбалары қойылған және олар сыйға тартқан 180-нен астам кітап бар. Аталған коллекцияға Қостанай облысының жерінен шыққан өзіміздің жерлес авторларымыздың қолтаңбалары, сондай-ақ әдебиет саласындағы көрнекті тұлғалардың қолтаңбалары қойылған кітаптар да жинақталған. 

Көрме-бұқаралық жұмыстар секторы


Келесідей мәдени-ағартушылық және білім берушілік шараларын ұйымдастырады және өткізеді:
- атаулы күндерге арналған кітап көрмелері;
- акциялар;
- дөңгелек үстелдер;
- облыс пен қаланың танымал тұлғаларымен кездесулер;
- «Оқымыстылар ортамызда» жобасы;
- экскурсиялар.



Ақпараттық ресурстар:
- Қостанай облысы жайындағы әдебиеттердің өлкетану қоры;
- қолтаңбалы кітаптар коллекциясы;
- облыстық, қалалық және аудандық газеттер мен журналдардың 30-дан астам түрі;
- сирек кітаптар қоры;
- «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» толық мәтінді ДБ.


Жұмыс тәртібі:

Жұмыс күндері – сағ. 10.00 – 20.00

Жексенбіде  – сағ. 10.00 – 17.00

Демалыс күні: сенбі

Тазалық күні  – айдың соңғы күні

Жазғы жұмыс тәртібі:

Маусым, тамызсағ. 10.00 – 18.00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Бөлім меңгерушісі – Сазанбаева Сәлима Сәбитқызы

Телефон: 500-690

E-mail : olke.qostanay.ounb@mail.ru



Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus