Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі

Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер туралы әдебиеттер бөлімінде мәдениет пен өнердің сан алуан салалары бойынша әр түрлі ақпарат тасығыштарда: қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптардың, ноталардың, күйтабақтардың, аудио және бейнематериалдардың, сондай-ақ газеттер мен журналдардың аса бай қоры жинақталған.

Қорда әмбебап анықтамалықтар, мәдениет пен өнер туралы энциклопедиялық басылымдар, библиографиялық көрсеткіштер, облыстың, республиканың өнер және мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы тақырыптық папкалар жинақталған.

Өнер туралы залда болған кітапхана қызметін пайдаланушы кәсіби өнер мен халық шығармашылығы жөнінде мол мағлұмат ала алады. Бөлім әлемнің түрлі мұражайларының бейнелеу және қолданбалы өнер туралы коллекцияларын көрсететін әсем безендірілген альбомдарды ұсына алады. Егер сіз бос уақытыңызда шеберлігіңізді шыңдай түскенді ұнататын болсаңыз, біздің бөлімнен өзіңізге көмекші бола алатын кітаптарды таба аласыз. Мысалы, ағаш ою, тал тоқу, орман мүсіні, металл бұйымдары, макрама, моншақ тоқу, кесте тігу, құрақ жамау және т.б. туралы әдебиеттер үйіңізде отырып сүйікті ісіңізбен айналысуға жәрдем жасаса, «Дом и интерьер», «Архитектура, строительство, дизайн», «Интерьер & дизайн» секілді дизайн және сәулет өнері туралы журналдар мен кітаптарды оқып шыққанан кейін үйіңізді жаңаша жабдықтай алатын боласыз. Бөлім музыканы ұнататындарға домбыраға, қобызға, фортепианоға, аккордеонға, балалайкаға, баянға, скрипкаға, тіпті арфаға арналған ноталарды, ал үйінде отырып ән салғысы келетіндерге танымал әндер мен романстардың ноталарын ұсына алады. Бөлімде ең ірі фонотекалардың бірін сақталған және ол музыкалық шығармалармен (классикалық, эстрадалық, халықтық) қатар танымал театр қайраткерлерінің, жазушылардың, ақындардың дауыстары жазылған винилді күйтабақтарды тыңдауға ұсына алады.

Бөлім жергілікті мәдениет және өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер өткізіп, кәсіби және әуесқой суретшілердің көрмелерін ұйымдастырып отырады. Осындай шығармашылық ынтымақтастықтың нәтижесінде бөлім қорында бейнелеу өнері шығармаларының түпнұсқаларынан, қолдан жазылған ноталардан, автордың аудиожазбаларынан, афишалардан, көрме каталогтарынан, қолтаңбалары мен сыйға тарту туралы жазулары бар басылымдардан тұратын ерекше коллекция пайда болды.

Бөлім қызметкерлері келесідей қызмет түрлерін көрсетуге қашанда дайын екендігін ескертеміз:

- қажетті әдебиетті, партитура мен музыкалық шығармалардың жазбаларын, безендіру материалдарын, көрмеге арналған материалдарды таңдау;

- аудиокассеталарды, CD, күйтабақтарды тыңдау;

- аудиокассетаға, шағын дикіге немесе ықшам дискіге жазба түсіру;

- бейнекассета немесе DVD қарау;

- бейнежазбаларды сандық нұсқаға түсіру;

- кинолекторий ұйымдастыру;

- шығармашылық жұмыстардың көрмесін ұйымдастыру.

Жұмыс тәртібі:

жазғы уақытта - сағат 09.00 – 18.00

қысқы уақытта – сағат 10.00 – 20.00

Демалыс: сенбі

Санитарлық күн – айдың соңғы күні

Бөлім меңгерушісі – Төлекова Ләззат Жақсылыққызы

Телефоны:500-741


Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus