Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әмбебап оқу залы

Әмбебап оқу залы

Әмбебап оқу залында материалдарды пайдалану үшін барлық жағдай жасалған. Тегін Wi-Fi оқырмандардың Әмбебап оқу залында жұмыс істеуіне, білім алуына және демалуына қолайлы жағдай жасайды. Ашық сөрелерге қойылған барлық қор оқырмандар үшін қолжетімді болып табылады. Барлық қорды оқырмандар өздері еркін аралап, таңдай алады.

Кітап пен кітап оқуды насихаттау мақсатында әмбебап оқу залында кітап көрмелері мен жаңа кітаптардың тұсаукесерлері ұйымдастырылады, танымал тұлғалармен кездесулер, тақырыптық кештер, оқырман конференциялары, дөңгелек үстелдер өткізіледі, бөлім жанынан бағбандық пен бақшашылықты ұнататындарға арналған «Бағбан» клубы, «Зияткерлік зертханасы» зияткерлік клубы және «Ағылшынша сөйлесу уақыты» ауызекі сөйлесу клубы жұмыс істейді.

Бөлім үш құрылымдық бөлімшеден тұрады:

Жалпы оқу залы

Оқу залы секторының кітап қоры білімнің барлық саласын қамтыған. Онда жаратылыстану, техника, медицина, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әдебиеттер ұсынылады. Анықтамалық басылымдар қорына сөздіктер, анықтамалықтар мен энциклопедиялар кіреді. Ашық кітап қорында қазақ, орыс және басқа тілдерде 54000 аса кітап қоры бар.

Л. Н.Толстой ат. ОӘҒК Қостанай облысындағы мерзімді басылымдардың ең ірі қор ұстаушысы болып табылады. Қордағы ҰОС кезеңінен келе жатқан ең ескі газеттерге: «Правда», «Сталинский путь», «Большевиктік жолы» және т.б. жалпы оқу залы секторы арқылы тапсырыс беруге болады.

Сектор жыл сайын білімнің барлық саласы бойынша қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде екі жүзден аса түрлі газеттер мен журналдарды жаздырып алады. 

Халықаралық кітаптар секторы

Әлем халқының тілдеріндегі әмбебап қор: баспа түріндегі жарияланымдар мен электронды материалдар коллекциясы.
- Электронды ақпараттық ресурстар мен деректер базасы
- Шетел тілдеріндегі ақпаратты іздеуге кеңес беріп, көмек көрсету
- АҚШ-тың мәдениеті, тарихы мен әдебиеті туралы ақпарат беру
- Мәдени шаралар, көрмелер, шығармашылық кездесулер, тақырыптық кештер өткізу
- Ағылшын тілін үйрету
- «English time» ауызекі сөйлесу клубы: қарым-қатынас, пікірталас, кітап оқу, драма, кино
- АҚШ-тың шәкіртақы төленетін білім беру бағдарламалары бойынша кеңестер беру

Сектор Қостанай облысының этномәдени орталықтарымен бірлесе жұмыс істейді. Біздің серіктестеріміз болып табылатындар: Қазақстандағы АҚШ елшілігі,  Қостанай қаласындағы Француз мәдени-білім орталығы, Неміс тілі орталығы.   

  

Ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы

Секторда Интернет ресурстарымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы жағдай жасалған. Өз беттерінше, сондай-ақ кеңесшінің көмегімен ақпарат іздеу, құжаттарды сканерлеу, қағазға басып шығару қызметтері ұсынылады. Іздестірудің нәтижесі кез келген ақпарат тасығышта сақталуы мүмкін. CD және DVD дискілерін тегін қарауға мүмкіндік бар.

«Компьютерлік сауаттылық» жобасы аясында пайдаланушылар үшін компьютерлік сауаттылық курстары тегін өткізіледі. Курсқа жазылу алдын-ала жүргізіледі.

Жұмыс тәртібі:
жұмыс уақыты – сағат 09.00 – 20.00
маусым, тамыз айлары – сағат 09.00 – 18.00
демалыс: сенбі
санитарлық күн – айдың соңғы күні
бөлім меңгерушісі – Цветкова Светлана Валерьевна
эл.пошта: ounb.tolstogo@yandex.kz
байланыс телефоны: 502-527; 500-363



Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus