Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Негізгі қорды сақтау бөлімі

Негізгі қорды сақтау бөлімі

Негізгі қорды сақтау бөлімі кітапхананың дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және кітапхана қорын орналастыруды, сақтауды, ұйымдастыруды және пайдалануды жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1. Кітапхананың негізгі қорын сақтау және пайдалану.
2. Кітапхананың негізгі және қосалқы қорларының сақталуын қамтамасыз ету.
3. Пайдаланушылардың сұратуларын қызмет көрсету бөлімдері арқылы негізгі қордағы әдебиеттермен қанағаттандыру.
4. Негізгі қорды ағымдағы әдебиеттермен толықтыру.
5. Сайтта және әлеуметтік желілерде қорды жарнамалау және насихаттау.
Негізгі қорды сақтау бөлімі баспа өнімдерін басты сақтаушы болып табылады, кітапхананың жертөлесінде орналасқан ол 2 қабатты алып жатыр. Жалпы ауданы 1000 шаршы метр. Бөлім құрылымында негізгі қорды сақтау секторы және кітап қорын қалпына келтіру және кітапхана дизайны секторы бар.
Сақтау бөлімінде кітапхананың байлығы болып табылатын барлық кітап пен мерзімді басылымдар қоры шоғырланған. Көптеген басылымдар тек бір данадан ғана кездеседі. Қорда ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап шыққан кітаптар, 1937 жылдан бастап шыққан журналдар, 1941 жылдан бастап шыққан газеттер бар. Бөлім қорында барлығы 303 844 басылым бар, оның ішінде кітаптар 235 617 дана, мерзімді басылымдар 65 224 дана (газеттердің 1314 жылдық жинағы және 63910 дана журнал). Бөлімнің мерзімді басылымдар картотекасында 1173 атау бар: 327 газет атауы, 846 журнал атауы.
Барлық өңделген әдебиеттер негізгі қорды сақтау бөлімінен өтеді, сондықтан индикаторлар каталогы осында орналасқан. Жыл ішінде жаңа әдебиеттер қосалқы қорларға бөлінеді, ал аз сұралатын, дублетті әдебиеттер мен мерзімді басылымдар осы қорлардан сақтауға қабылданады. Жыл ішінде ескірген және тозған әдебиеттер бөлім қорынан алынып, есептен шығаруға беріледі.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерден түсетін сұратулар бойынша селекторлық байланыс арқылы жүргізіледі.
Бөлім қызметкерлері күн сайын ретроконверсиямен айналысады.
Кез келген кітапханада жылдар бойы күрделі жөндеуді қажет ететін көптеген құжаттар, сондай-ақ тұрақты сақтау үшін қатты мұқабаны қажет ететін мерзімді басылымдар жиналып қалады. Сондықтан негізгі қорды сақтау бөлімінде түптеу шеберханасы бар.
Бөлім қызметкерлері кітапхананың іс-шараларына белсенді қатысады, әсіресе кітапхана өз есігін барлық келушілерге айқара ашатын «Кітапхана түні» оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудырады.

Сақтау бөлімі «Облыс кітапханалары – өлке тарихының тамыршысы» жобасын іске асыруда. Кітапхананың ақпараттық ресурстары электрондық тасымалдағыштарға аударылады. Жоба облыстық маңызға ие және өлкетану құжаттары мен облыстың өңірлік баспасөзінің сақтандыру қорын құру аясындағы жұмыстардың жалғасы болып табылады. Жобаның мақсаты – барлық пайдаланушының ақпаратқа еркін қол жеткізуі үшін дерекқордың электрондық мұрағатын құру. Цифрландыру баспа басылымдарының өзінен жүргізіледі.
2026 жылдың қаңтары қарсаңында 40-60 жылдары жарық көрген 85 жылдық жиынтық болған Қостанай облысының 19 түрлі облыстық және аудандық газеті (көлемі 102,14 Гб; 10351 нөмір; 47317 бет электрондық ресурс), оның ішінде 15 жылдық жиынтық болған қазақ тілінде 3 аталым (көлемі 31,7 Гб; 3041 нөмір; 15 906 бет электрондық ресурс) цифрландырылды.
Кітапхана осы жобаны жүзеге асыру арқылы өзара байланысты екі мәселені шешеді – бірегей өлкетану ақпарат көздерін сақтайды және оларды ақпарат тасымалдаушы түрінде ұсынады. Ал 2018 жылдан бастап бұл жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енді.
Бөлім жаңа әдебиеттерді сканерлейді, әдеби мерейгерлер күнтізбесін жасайды. Бұл туралы барлық ақпаратты кітапхана сайтынан және әлеуметтік желілерден табуға болады.
Бөлім меңгерушісі: Меланчук Лариса Владимировна.
Тел.: 8 (7142) 500-667 (19)
Эл. пошта: ohof_kounb@mail.kz







Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus