Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Микробиология және иммунология
28.4я7
Т 56
Толысбаев, Б. Т. 
Микробиология және иммунология [Мәтін] / Б. Т. Толысбаев, К. Б. Бияшев ; ред. бас. Б. Т. Толысбаев. – 2-ші стереотип. бас. – Алматы : Нур-Принт, 2020. – 494 б.

Оқулық, алғы сөз, кіріспе микробиология ғылымының даму кезеңдерінен және үш бөлімнен тұрады. Бірінші – жалпы микробиология негізінде микроорганизмдердің морфологиясы, классификациясы, физиологиясы, оларға сыртқы орта факторларының әсері, экологиясы, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, темір қосылыстарын өзгертуі, антибиотиктер және оларды түзушілер, тұқым қуалаушылық (генетикасы) туралы мәліметтер айттылады. Екіншісі – инфекция және иммунитет. Инфекцияның пайда болуы, оның үш факторы, дамуы, микроорганизмдердің зардаптылығы мен уыттылығы, уыттылыққа себепші факторлар, инфекциялық процестің пайда болуы мен дамуына микроорганизмдердің және сыртқы орта жағдайларының әсері, инфекцияның түрлері және классификациясы туралы материалдар келтірілген. Иммунитеттің түрлері, спецификалық емес, клеткалық, гуморальдық қорғау факторлары, антигендер, антиденелерді түзу теориялары, иммундік жүйе, иммунологиялық төзімділік, аллергия, иммунитет туралы ілімді іс жүзінде пайдалану, иммунопрофилактика және иммунотерапия тағы басқа мәліметтер туралы айтылады. Үшіншісі – арнайы микробиология - жұқпалы аурулар, олардың қоздырғыштары, морфологиялық, тинкториалдық, биохимиялық, биологиялық қасиеттерімен спецификалық профилактика (вакциналар, гиппериммундік қанның сарысулары, гаммоглобулиндер, диагностикумдер) туралы толық мәліметтер берілген.

Оқулықта келтірілген материалдарға қорытынды, латынша терминдер және әдебиет тізімдері берілген. Оқулық ғалымдардың 14 портреттері мен 112 суреттерімен безендірілген.

Микробиология және иммунология оқулығы ветеринария және биология мамандығы бойынша оқитын университеттердің студенттеріне, мал дәрігерлеріне және ғылыми мамандарға арналған.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus