Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Рат, Т. Тамақтан. Қимылда. Ұйықта 51.204.0 Р 22 Рат, Т. Тамақтан. Қимылда. Ұйықта [Мәтін] : Күнделікті шешімдер денсаулық пен өмір ұзартуға қалай ықпал етеді / Т. Рат ; [ауд. Л. Сұлтанбек]. – Алматы : Жебе–дизайн, 2022. – 264 б.
Соңғы он жылда күллі өлемде 6 миллион данадан астам кітабы сатылған әйгілі жазушы, атақты зерттеуші Том Раттың «Тамақтан, қимылда, ұйықта» деп аталатын бестселлеріне әлем жұртшылығы «денсаулықты сақтап, толыққанды өмір сүруге арналған пайдалы нұсқаулық» деген баға беріп үлгерді. Бұл кітапта қарапайым, қауіпсіз әрі тәжірибе жүзінде жеңіл түрде іске асырылатын бірнеше идея ұсынылады, бір қарағанда күрделі көрінетін мәселелерді шешудің жеңіл нұсқалары айтылады, тамақтану, ұйықтау және күнделікті қимыл-қозғалысты бірлестіре отырып, өмір сүру ережелерін жеңілдетуге таптырмайтын кеңестер ұсынылады. Сол сияқты, кітаптың ең басты құндылықтарының бірі – адамның өмір сапасын жақсартуға мотивация беріп, денсаулығын шыңдап, ұзақ, бақытты әрі салауатты ғұмыр кешудің кілті өз қолында екенін түсіндіреді. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|