Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Кларк, П. Есепке жүйрік болайық 22.1я2 К 40 Кларк, П. Есепке жүйрік болайық [Мәтін] : білімді жетілдуріге арналған нұсқаулық : 7–11 жасқа арналған / П. Кларк, К. Клиссольд, Ш. Мозли ; [ред. Ә. Пірманов [т. б.] ; ағылшын тілінен ауд. А. С. Набидуллин ; ил. А. График]. – Алматы : Атамұра, 2024. – 320 б. : сурет. Глоссарий
Сандарды координаталық сәуледе қалай кескіндейді? Натурал сандарға арифметикалық амалдарды қолданып есеп шығара аласың ба? Шама бірліктерін түрлендіруді білесің бе? Геометриялық фигуралардың периметрі мен ауданын қалай табады? Бұл сұрақтардың жауабын осы энциклопедиялық басылымнан тауып, математикадан біліміңді жетілдіресің. Кейде математикадағы «квадрат түбір», «ортақ бөлім», «аликвоттық бөлшек», «Пи саны», «көп жақ» сияқты бізге таныс емес терминдер мен сөз тіркестерін бірден ұғу қиын. Бұл кітап жаңа ұғымдарды кесте, сурет және әртүрлі сызбаларды қолдана отырып түсіндіруімен ерекшеленеді. Материалдың бұлай берілуі есепті оңай шығаруға жол ашады. Қосу мен азайтудан бастап график салуға дейінгі әр тақырып күнделікті өмірдегі қарапайым мысалдармен берілген. Суреттерге қарап нұсқауды орында, сонда бәрін өзің-ақ меңгересің. Кітапты басынан аяғына дейін немесе өзің қалаған тақырыптардан бастасаң да болады. Мұнда тақырыптар есте қалатындай қызықты айдарлармен аталған. Мысалы, есте сақтау айдарын тақтайшалар ұстаған роботтар бейнелейді. «Байқап көр!» айдарындағы тапсырмаларды орындау ауыр болса, кітаптың соңындағы жауаптарын қара. Ол үшін қиналма. Ұлы математиктер де оны басынан кешірген. Қиындықты жеңу үшін талпын, жігерленіп алға ұмтыл, үнемі ізден, біліміңді шыңдай түс. Ал бұл кітаптың мақсатыңа жетуге көмектесері анық. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|