Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақстанның Оңтүстік өңірінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін

63.3(5Қаз)61

Б 21

Бақторазов, С. У.
    Қазақстанның Оңтүстік өңірінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін

 (1917–1939 ж.ж.) [Мәтін] : монография / С. У. Бақторазов. – Алматы : Дарын, 2022. – 307 б. : сурет.

 

Зерттеу жұмысында XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі жалпы ішкі саяси жағдайларға талдау жасалып, жазалау органдарының қатаң репрессивтік іс-шаралар арқылы орталықтың саяси бағытымен келіспеушілерді қалай тұқыртып ұстағандығының себеп-салдарлары фактілік материалдар негізінде айқындалады.

Кітапта Оңтүстік өңірдегі жаппай саяси қуғын-сүргінді жүзеге асыру барысындағы жеке тағдырлар қасіреті қарастырылады. Автор ұсынылып отырған еңбегінде осындай нәубетті саясатты жүргізу барысында Оңтүстік өңірінің барлық дерліктей обком мен ауком хатшылары және облатком мен ауатком төрағалары Ішкі істер халық комиссариаты органдарының құрығына түскендігін нақты дәйектейді. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ашық баспасөз және мұрағат материалдары ақпараттары бойынша жасалынған сараптамаға сәйкес репрессияланғандардың басым көпшілігін мемлекеттік қызметкерлер мен ғылыми-техникалық және гуманитарлық интеллигенция өкілдері құраса, сотталғандардың сапында қатардағы колхозшылар мен жұмысшылардың да саны аз емес.

Қазақстанның саяси тарихында болған осы оқиғаларды түйсініп және оның Оңтүстік өңірдегі ерекшеліктерін ұғыну, ондағы ойластырылған қитұрқылар мен тарихи уақыт талайында тағдыр тәлкегіне ұшырағандардың өмірлік-бақилық өксігін түсіну ендігі жерде мұндай қасіреттің қайталанбауына сеп болары анық.

Кітап Отан тарихын білуге мүдделі зерттеушілерге, студенттерге, магистранттар мен PhD-докторларға және көпшілік қауымға арналған.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus