Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ахметова, Э. К. Инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығы
74.3я7
А 94
Ахметова, Э. К.
Инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығы [Мәтін] : монография / Э. К. Ахметова. – Алматы : ADAL KITAP, 2023. – 230 б.


Монографияда инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасы педагогикалық ынтымақтастығының әдіснамалық негіздері; мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасы педагогикалық ынтымактастығының педагогикалык негіздері; инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасы педагогикалық ынтымактастығының тәжірибелік-эксперименттік жұмысының нәтижелері көрсетілген.
Монографияда зерттеу мәселесі бойынша отандық, алыс және жақын шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарына және әдебиеттерге талдау жасалып, инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасы педагогикалық ынтымақтастығының ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.
Инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасы педагогикалық ынтымақтастығының әдістемелік тұғырлары мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде педагогтар мен ата-аналардың серіктестік қатынастарының өзекті бағыттары мен мазмұндық құрылымын ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік берді. Зерттеліп отырған мәселені шешу барысында қазіргі педагогикалық теориядағы заманауи білім беру парадигмаларына негізделіп, мектеп пен отбасы педагогикалық ынтымақтастығы инклюзивті білім беруді дамытудың шарты ретінде анықталды. Қазіргі мектептегі инклюзивті білім беруде «мектеп-отбасы» ынтымақтастық жүйесінің теориясы мен тәжірибесіне талдау жасау арқылы оның факторлары мен ерекшеліктері туралы тұжырымдар жасалды.
Монографияның елеулі нәтижелерінің бірі – инклюзивті білім берудегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығының психологиялық- педагогикалық шарттарының айқындалуы. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тиімділігін арттыратын жаңа мүмкіндіктер негізделді. Инклюзивті білім берудегі мәселелердің шешімі мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын тиімді жүзеге асыру арқылы қарастырылды.
«Мектеп-отбасы» ынтымақтастығы жүйесінде инклюзивті білім берудің құрылымдық-функционалдық моделі» әзірленіп, инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығының әдістемесі мен моделінің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік сынақтан өткізіліп, дәлелденді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus