Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Алтай, Ж. Түрік өркениетіндегі әл-Фараби феномені 87.3(5Қаз) А 46 Алтай, Ж. Түрік өркениетіндегі әл-Фараби феномені [Мәтін] : монография / Ж. Алтай, Қ. Алтынбек. – Алматы : Дарын, 2023. – 354 б.
«Түрік өркениетіндегі әл-Фараби феномені» атты зерттеу монографиямыз жалпы тарих, философия, фарабитану мамандықтарына қызығушы әрбір оқырман қауымға арналған. Монографияда түркілердің әлемдік өркениетке қосқан өлшеусіз үлестері туралы баяндала келе 30-дан аса Фарабилерді түлетіп үшырған Фараб (Отырар) шаһары туралы тарихи-археологиялық мағлұматтарға сүйене отырып кеңінен мәліметтер баяндалады. Ғаламшар ғылымында да ғалымдар бой түзейтін бағдаршамы яғни темірқазығы даламыздың даңқты перзенті, Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби болуы заңдылық. Бабамыздың туғанынада 1150 жылдан асты, бірақ «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деген даналық тұжырым осыған саяды. X ғасырдан астам уақыт бұрын жазып, қалдырған ғылыми мұралары, өсиеті мен өнегелері әлі күнге дейін ұмыт болмады. Себебі барша мұралары ғасырлар сайын замандармен қайта жаңғырып, ел есінде сақталды. Кітапта баяндалғандардың барлығы авторлардың тақырыпқа сай қарастырылған өзіндік ой-пікірлері болып табылады және адами ықпалы, яғни сана мен субъективистік негіздері баршылық. Әйтсекте, біз осынау ғылыми еңбек арқылы тарих, философия, фарабитану ғылымдарына деген оқырман қызығушалығын тудырып, оны жан-жақты зерттеуге талпындырады деп ойлаймыз. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|