Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Жеңіс Туын желбіреткен – Рақымжан Қошқарбаев 63.3(5Қаз)622.78я6 Ж 47 Жеңіс Туын желбіреткен – Рақымжан Қошқарбаев [Мәтін] : фотоальбом / [құраст. Ә. Көпіш ; басылымға қажетті фотосуреттерді, мұрағаттық деректемелер мен жарияланымдарды жинақтап баспаға ұсынған – Қ. Оспанова ; отбасылық құжаттары мен фотосуреттерін ұсынған – Ә. Қошқарбаева]. – Алматы : Өнер, 2024. – 238 б. : сурет. – (Халық перзенті). Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналады
Арғы-бергі тарихымызда халқымыздың басынан қаншама қиын кезеңдер өтті. Солардың ең соңғыларының бірі 1941–1945 жылдар арасында жер-жаһанды дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысы еді. КСРО құрамында тұрған Қазақстан азаматтары да сол кезеңде неміс фашистеріне қарсы қан майданға аттанды. Қазақ халқының асқақ рухты ұлдары мен қыздары қырғын қантөгістің алдыңғы шебінде Отан үшін жан алып, жан бере арпалысты. Мыңдаған боздақтар мерт болды. Қазақ халқының қаһарман перзенті Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған бұл фотоальбомда біз – еліміздің көне қазыналарын бұрыннан терең зерделеп, жинақтап келе жатқан республикалық «Өнер» баспасы болып, барынша зор мән беріп, батырдың жеке тұлғасы мен тағдыры арқылы көне бабалар жортқан заманалармен бірге біздің осы – XIX, XX, XXI ғасырларға дейінгі тарихи ақиқат жолын бүгінгі оқырман қауымға анықтап жеткізуге тырыстық. Бізге қан майданды кешіп жеткен Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсеновтер – қайтпас-қайсар биік рухтарымен халқымызды адамзат тарихындағы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның көк туын көтеруге бастап әкелген қаһармандар!!! Ендігі ұрпақтарымызды тәуелсіз Қазақстанымыздың келешегіне тікелей апара жатқан да осы – әділетті, асқақ рух. Бұл фотоальбомда қаһарман халық перзенті Рақымжан Қошқарбаевтың жастық шағы мен майдандағы қан кешкен күндері, бейбіт замандағы өмірі кең тарихи панорамада қамтылған. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|