Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Қазақстан кітапханалары – 2023. Мәліметтер мен сандар = Библиотеки Казахстана – 2023 год. Факты и цифры 78.3(5Қаз) Қ 18 Қазақстан кітапханалары – 2023. Мәліметтер мен сандар = Библиотеки Казахстана – 2023 год. Факты и цифры [Мәтін] : ақпараттық-сараптамалық шолу / [бас ред. Б. Қ. Оспанова ; құраст.: Г. А. Маханбетова [т. б.] ; ҚР Ұлттық кітапханасы. – Алматы : Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, 2024. – 85 б.
«Қазақстан кітапханалары-2023 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолуы Қазақстан Республикасы кітапханаларының статистикалық салыстырмалы деректері мен әлеуметтік зерттеулерін қамтиды. Шолудың бірінші бөлімінде республиканың сегіз жүйесі мен ведомстволары кітапханаларыньң цифрлық көрсеткіштерін қамтитын Қазақстан кітапханалары туралы толық емес статистикалық мәліметтер ұсынылған. 2023 жылғы есептік статистиканы келесі мекемелер: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана, жергілікті атқарушы органдардың облыстық әмбебап ғылыми кітапханалары, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ, «Ғылым ордасы» орталық ғылыми кітапханасы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұсынған. Шолудың екінші бөлімінде көпшілік кітапханалар туралы, кітапхана желісінің сипаттамасы, кітапхана қорлары туралы, қорларды толықтыру, кітап берілімі, пайдаланушылар, келім саны, ақпараттық технологиялар, материалдық-техникалық базалар, кадрлар, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызмет және т.б. материалдар ұсынылды. Көпшілік кітапханалар көрсеткіштерінің кестелері ҚР облыстық әмбебап ғылыми кітапханалары ұсынған жыл сайынғы жиынтық есептілік нысандары негізінде жасалды. «Қазақстан кітапханалары-2023 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолуы зерттеу жұмысында және педагогикалық процесте қолданылуы мүмкін. Шолу кітапхана қызметкерлеріне, оқытушылар құрамына, «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне және колледж оқушыларына, барлық Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің жағдайына қызығушылық танытқандарға арналған. Шолуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік қызметі дайындады. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|