Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Сағадат Нұрмағамбетов – Халық қаһарманы №1 63.3(5Қаз)622.78я6 Н 86 Сағадат Нұрмағамбетов – Халық қаһарманы №1 [Мәтін] : фотоальбом : 100 жылдық мерейтойына арналған / [құраст. А. С. Нурмагамбетова ; ауд. Ә. Аусатов]. – Алматы : Алтын кітап, 2024. – 365, [2] б. : сурет.
«САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ – ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» фотоальбомы №1 Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған. Басылым беттерінде 1942 жылдан бастап Қызыл армия қатарында қызмет еткен, қызметін офицер пулеметшіден бастап взвод, рота, батальон командиріне дейін жеткен, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған, Берлин шайқасына қатысып, императорлық рейхсканцелярияға шабуыл жасау кезінде батальонды басқарған атақты әскери қолбасшының өмірі мен қызметі көрсетілген. Егемен Қазақстан армиясының құрылуына Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмагамбетов баға жетпес үлес қосты. Оның Ұлы Отан соғысының ардагері, дана әскери қолбасшы ретіндегі бай тәжірибесі Қарулы күштеріміздің негізін қалауға көмектесті. «Жас ұлан» әскери мектебі мен Құрлық әскерлерінің әскери институты Сағадат Нұрмағамбетовтің есімімен аталады.
Фотоальбом «САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ – ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» посвящен 100-летнему юбилею Халык каһарманы № 1, первому министру обороны Республики Казахстан, Герою Советского Союза, генералу армии Сагадату Кожахметовичу Нурмагамбетову. На страницах издания показана жизнь и деятельность известного военачальника, который с 1942 года служил в рядах Красной армии, прошел путь от офицера-пулеметчика, командующего взводом, ротой, батальоном, был удостоен звания Героя Советского Союза. Участвовал в битве за Берлин и руководил батальоном при штурме имперской рейсхканцелярии. Неоценимый вклад в создание армии суверенного Казахстана внес первый министр обороны Казахстана, Халық каһарманы Сагадат Нурмагамбетов. Его богатый опыт ветерана Великой Отечественной войны, мудрого военачальника помог заложить фундамент наших Вооруженных сил. Военная школа «Жас үлан» и Военный институт сухопутных войск носят имя Сагадата Нурмагамбетова. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|