Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Қазақстанның жанды мұрасы – 2024 71 Қ 18 Қазақстанның жанды мұрасы – 2024 [Мәтін] = Живое наследие Казахстана – 2024 = Living heritage of Kazakhstan – 2024 : ҚР ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенциясын (2003) іске асыруға қатысты баяндамасы, 2018–2023 / [жалпы ред. бас. Музафаров Р. Р. ; алғы сөз: Е. Карин, А. Балаева ; UNESCO ; ҚР Материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі ұлттық комитеті ; ҚР Мәдениет және ақпарат м-гі ; Қазақстандық қоғамдық даму ин-ты]. – Астана : JSD.KZ, 2024. – 363 б. : сурет.
Бұл баяндама Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Конвенцияны іске асыруға арналған. Баяндамада Қазақстанның ұлттық және халықаралық бастамаларды жүзеге асыру аясында МЕММ-ны сақтау мен ілгерілету бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат берілген, одан бөлек халықаралық қорлар арқылы қаржыландырылатын жобалар да қамтылған. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бекіткен критерийлеріне сәйкес Конвенцияны іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері ұсынылады. Баяндамада ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енгізілген Қазақстанның МЕММ элементтерінің мәртебесі, олардың қазіргі жай-күйі, сақтау перспективалары мен әрі қарай сақталуына әсер ететін ықтимал қауіптер туралы мәліметтер қамтылған. Қорытынды бөлімде Қазақстанда материалдық емес мәдени мұраны қорғау тетіктерін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және қоғамның МЕММ-нің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру бойынша ұсынымдар мен тұжырымдар беріледі. Баяндама мәдениет саласындағы мамандарға, мемлекеттік органдар өкілдеріне, зерттеушілерге және Қазақстанның бірегей мұрасын тереңірек түсініп, оны сақтауға ұмтылатын барлық адамға арналған. Ұсынылған материалдар мәдени дәстүрлерді зерттеу мен насихаттау бағытындағы алдағы жұмыстарға үлес қосып, оларды келешек ұрпаққа жеткізуге ықпал ететініне сенім білдіреміз. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|